Орал қаласы әкімінің отставкаға кеткені туралы ақпарат жоққа шығарылды

Миржан Сатқановтың қала әкімі лауазымына тағайындалғанына екі жылдан астам уақыт болды

Орал қаласы әкімінің отставкаға кеткені туралы ақпарат жоққа шығарылды
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
709

Миржан Сатқановтың қызметінен кеткені туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Оспанның айтуынша, қала әкімі Миржан Сатқановтың өз еркімен отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және бұл негізсіз ақпарат.

Миржан Сатқановтың қала әкімі лауазымына тағайындалғанына екі жылдан астам уақыт болды. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі болған.

Серіктес жаңалықтары