Алматыда мейрамханадан өрт шықты

Өрт 10:34-те оқшауланып, 10:37-де толық сөндірілді

Алматыда мейрамханадан өрт шықты
Алматы қалалық ТЖД

Алматының Бостандық ауданындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мейрамханада өрт шыққаны туралы хабарлама 11 мамыр күні сағат 10:30 шамасында түскен.

Бостандық ауданының өрт сөндірушілері «Окадзаки» мейрамханасына шықты. Өрт мейрамхана кешенінің ас бөлмесінде тұтанған. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Келушілер ғимараттан шығып үлгерді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 10:34-те оқшауланып, 10:37-де толық сөндірілді.