Бүгін төрт облыста 3 градусқа дейін үсік жүреді

11 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін төрт облыста 3 градусқа дейін үсік жүреді
news.myseldon.com

«Қазгидромет» мамырдың 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Республикамыздың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы, шығысында дауыл тұрады, батысы, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.