Соңғы лицензиялық турнир: Елдос Сметов Астанада қола жүлдегер атанды

Астанада Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр

Соңғы лицензиялық турнир: Елдос Сметов Астанада қола жүлдегер атанды
olympic.kz

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Елдос Сметов қола жүлдені иеленді.

60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов қола жүлде үшін таласта әзербайжандық балуан Ахмад Юсифовтан басым түсті.

Елдос Сметов ширек финалда ресейлік Рамазан Абдулаевқа есе жіберген болатын. Алайда жұбаныш белдесуінде түрікменстандық Айбек Өміровті «иппон» әдісімен жеңіп, жүлдегер атануға мүмкіндік алған еді.

Айта кетейік, Астана төрінде өтіп жатқан бұл жарыста Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр. Аталған додада әлемнің 92 елінен 519 татами шебері өзара кім мықтыны анықтауда.