592
Ақтауда газ құбыры жарылды
Өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер шықты.
Ақтаудағы 15-ші ықшамауданда газ құбыры жарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, газ құбырының жарылғаны туралы ақпарат сағат 14:32-де келіп түскен.
Өрттің алдын алу үшін 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер шықты.
«Оқиға орнында газ құбырынан жоғары қысымда газдың шығуы анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында 104 қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.