Жапония 6G байланысын сынақтан өткізді

Мамандар әзірге оны қолданысқа енгізуге ерте дейді

Жапония 6G байланысын сынақтан өткізді
Fossbytes

Жапондар алғаш рет 6G байланысын сынақтан өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

24.kz арнасының мәліметінше, оның көмегімен интернет жылдамдығы секундына 100 гигабитке дейін жеткен. Бұл 5G-мен салыстырғанда 10 есе тез. Ол секундына жақсы сападағы 9 фильм жүктеуге жететін көрінеді.

Мамандар әзірге оны қолданысқа енгізуге ерте дейді. Бұл тек 2028-2030 жылдары ғана мүмкін екенін айтады.

Сөйтіп келешекте 6G байланысының көмегімен жүргізушісіз жүретін көліктерді тиімді басқарып, телемедицина мен виртуалды технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.