Алматыда патрульдік полиция көлігіне ағаш құлады

Қала қызметтері оқиғаның салдарын жоюға кіріскендерін жеткізді.

Алматыда патрульдік полиция көлігіне ағаш құлады
видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Алматыда көшелердің бірінде патрульдік көлікке құлаған ағашың видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Деректерге сай бірнеше күндік жаңбырдан соң ағаштың тамыры шіріп босаған. 

Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегінше, оқиға Алматыдағы Нүсіпбеков көшесінде болған. Апта бойғы жауын-шашынның көп түсуіне байланысты көптеген ағаштардың тамыры әлсіреп, шіріп тұрғандары бар. Салдарынан олардың бірі тұрақта тұрған учаскелік полицияның қызметтік көлігіне құлаған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері бірден әрекет етіп, ауыр зардаптардан қашқан. Қала қызметтері оқиғаның салдарын жоюға кіріскендерін жеткізді.