Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы әке-шешесін сайқымазақ етіп видео түсіретіндерді сынға алды

Белгілі дінтанушы жетпіске жетсе де жас қыздармен сауық құрып жүрген шалдар мен әке-шешесін сайқы-мазақ етіп видео түсіретіндерге ескерту жасады.

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы әке-шешесін сайқымазақ етіп видео түсіретіндерді сынға алды
Сурет: martebe.kz
949

Қайрат Жолдыбайұлы ұяттан безінген желі қолданушыларына сын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өкінішке қарай, бүгінде әке-шешесін сайқымазақ етіп видео түсіріп, әлеуметік желіде лайк жинап жүргендерді, үлкеннен де, кішіден де, туған-туыстан да ұялмай аузына келгенін айтып, білгенін істеп жатқан көргенсіздерді көргенде экранның бергі жағында отырып, өзің ұяласың», - деп жазды автор.

Сондай-ақ ол ұят сөзінің түсінігі жайлы біршама қағиданы мысал еткен.

«Күйеуінің көзіне шөп салып, біреудің ұйып отырған отбасын бұзса да, ештеңе болмағандай тайраңдап жүргендерді, екі кітап оқып алып, өздерінұлы психолог, коучдеп таныстырып, ақылы ақыл айтып, елдің қалтасын қағып жүрген пысақайларды, әке-шешесінің азғантай зейнетақасын аңдып отырған масылдарды, жемқорлықпен байыған шенеуніктердің қымбат көлік мініп, зәулім сарайларда еш қымсынбай тұрып жатқанын көргенде, ұят деген ұлы қасиеттен қаншалық қиыстап бара жатқанымызды түсініп, жаның құлазиды. Ұят осындай ұлы ұғым, құнды қасиет. Алайда ұят пен ынжықтықты, ибалық пен көнгіштікті шатастырып алмауымыз шарт», - деді дінтанушы.

 

Серіктес жаңалықтары