сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты

Фото: «Қазақстан темір жолы» АҚ
Жолаушылар «Жеңіс пойызының» алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді.

Мазмұны

    9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы рәсімделген №7502 электр пойызы жолға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

    Безендірілген электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.
     

    «Құрам Жеңіс лентасының және соғыс батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды», - делінген хабарламада.

    Жолаушылар «Жеңіс пойызының» алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді.

    Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді.

    Бөлісу: