Шымкентте бес спорт мектебі қызметкерлерге заңсыз қосымша ақша төлеген

Спорт мектептерінің бухгалтерлері төлемдерді үш жыл бойы заңсыз есептеген

Шымкентте бес спорт мектебі қызметкерлерге заңсыз қосымша ақша төлеген
istockphoto.com
649

Шымкентте бес спорт мектебі қызметкерлерге қосымша төлемдерді заңсыз ресімдеген, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Директорлардың жүргізушілері, стокерлер, коменданттар, референттер, мұрағатшылар мен аудармашыларға қосымша қаражат заңсыз төленген. Негізі бұл төлемдер спортшылардың жеңістері үшін төлену керек болған.

Антикор спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Аналитикалық топқа еріктілер де кірді, олар қосымша төлемдерді есептеудің даулы тәжірибесін анықтады. Спорт мектептерінің бухгалтерлері төлемдерді үш жыл бойы заңсыз есептеген.

Мысалы жүргізуші спортшыларды жарыстарға және т.б. шараларға тасымалдауы керек. Бірақ спорт мектебі басшысының жүргізушісі бұндай жұмыстар істемеген. Бұл аудиторлық тексеру барысында анықталды, - дейді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Алексей Колосков.

Серіктес жаңалықтары