Астанада дәмхана өртеніп кетті (ВИДЕО)

Өрттің ауданы 80 шаршы метр.

Астанада дәмхана өртеніп кетті (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

 

Елорданың Байқоңыр ауданында донер әзірлейтін дәмхана жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдай орнында елордалық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған.

"Дәмханадағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 шаршы метр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.