Қызылорда облысында монша өртке оранды

Өрттің себебі анықталуда

Қызылорда облысында монша өртке оранды
ТЖМ баспасөз қызметі
1005

Қызылорда облысында сарай мен моншаның шатырын өрт шарпыды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жер үй аумағында сарай және оған жапсарлас монша шатыры өртенді.

«Өрт шақыру болған сәттен бастап 31 минут ішінде сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары