Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өтті

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өтті

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өтті
ашық дереккөзі
Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Склярдың төрағалығымен еліміздегі жетекші әуе тасымалдаушылардың қатысуымен ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Кеңес кейінгі уақытта қазақстандық әуе компаниялардың ұшақтарындағы ақаулардың жиілеп кетуіне байланысты өткізілді. Шараға «Air Astana», «Bek Air» және «Qazaq Air» компанияларының өкілдері шақырылды. Жиын қорытындысы бойынша Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев келеңсіз оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін министрлік жүргізіп жатқан жұмыстарға қатысты түсінік берді. «Ұшақ қозғалтқышының тоқтап қалуынан және навигациялық құрал-жабдықтардағы ақаудан туындаған оқиғаның себептеріне қатысты, сондай-ақ қазіргі уақытта әуе компания қабылдаған шаралар туралы жан-жақты есеп тыңдалды. Осыған байланысты жұмыстарды күшейту және келешекте мұндай келеңсіз оқиғаларға жол бермеу туралы тиісті тапсырма берілді. Қазіргі уақытта тиісті бұйрық шықты. Көліктегі оқиғаларды тексеру жөніндегі департамент осы үш оқиғаны мұқият тексеруде. Тексеруге қатысты мәліметтер дайын болған кезде хабарлаймыз» деп атап өтті Т.Ластаев. Оның айтуынша, оқиғаның себептерін компанияның өзі де, сондай-ақ, министрліктің көлік оқиғаларын тексеру жөніндегі департаменті де жан-жақты тексеріп жатыр. Барлық жағдайлар тіркелген. Сонымен қатар, барлық компанияларда ұшулардың қауіпсіздігін басқару жөніндегі жүйе енгізілді.