Ұлытау облысында марқұмның күйік шалмаған саусағы қылмысты әшкереледі

Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті.

Ұлытау облысында марқұмның күйік шалмаған саусағы қылмысты әшкереледі
Polisia.kz

Ұлытау облысында марқұмның күйік шалмаған саусағы қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Polisia.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл наурызда Ұлытау облысында қамыстар арасынан ер адамның мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесі мен киімі толық өртеніп кеткендіктен, оның жеке басын анықтау қиынға түскен.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының құрамында криминалист полиция майоры Дастан Мағзұмов мәйіттң мұқият қарап шыққан соң, саусақтың күйік шалмаған бөлігін байқады. Бұл ер адамның жеке басын анықтауға көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестірді. Ақырында екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.