Алматыда өрт шыққан үйден 27 жастағы әйелдің денесі табылды

Өрт болған үйден 23 адам эвакуацияланды.

Алматыда өрт шыққан үйден 27 жастағы әйелдің денесі табылды
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда өрт болған пәтерден бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды urkystan.kz Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

1 мамыр күні таңғы 05:18-де өрт болған үйден 23 адам эвакуацияланды. Бір адам зардап шекті, сондай-ақ бір әйелдің денесі табылған.

"Өрт орнынан 1990 ж. т. Б. атты азамат ГКБ-7-ге жатқызылды. Сонымен қатар 1997 ж. т. әйелдің денесі табылды. ТЖД жеке құрамынан 48 л/с және 12 бірлік техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Оқыс оқиғаның мән-жайын тергеу тобы анықтап жатыр.