Қазақстандықтар футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көре алады

Еуропа чемпионаты 14 маусым-14 шілде аралығында Германияда өткізіледі.

Қазақстандықтар футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көре алады
UEFA

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы футболдан Еуропа чемпионатының ойындарын көрсету құқығын иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Qazaqstan және Qazsport телеарналары Еуропаның үздік құрама командаларының ойынын тікелей эфирде көрсетеді. 

Еске сала кетейік, Еуропа чемпионаты 14 маусым-14 шілде аралығында Германияда өткізіледі.

Кәрі құрлықтың басты доп додасында жалпы саны 24 ұлттық құрама өзара бақ сынайды. Олар: Германия, Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Аустрия, Англия, Венгрия, Словакия, Албания, Дания, Нидерланд, Румыния, Швейцария, Сербия, Италия, Чехия, Словения, Хорватия, Украина, Грузия және Польша.