Димаш Құдайбергенің жаңа әні шықты

Жаңа туындының композиторы – Димаштың өзі.

Димаш Құдайбергенің жаңа әні шықты
sn.kz

26 сәуірде әлемдік музыкалық платформаларда Димаш Құдайбергеннің «Smoke» атты жаңа трек-әні шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңа туындының композиторы – Димаштың өзі болса, ал мәтіннің авторы – Кэндис Келли және қосалқы автор Дмитро Гордон.

«Менің құрметтілерім Dears! Менің «Smoke» атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді. Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!», - деп жазды Димаш.