1102
Су тасқыны: Орал тұрғындарына 547 млн теңге бір реттік көмек берілді
Бүгінгі күнге дейін 547 млн теңге 1490 отбасыға бір реттік көмек ретінде үлестірілген.
Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінге дейін 547 млн теңге 1490 отбасыға бір реттік көмек ретінде үлестірілген. Мал шығыны да өтеле бастады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 187 жарым миллион теңге бөлінген. Бірақ әзірге баспанаға өтемақы беру мәселесі біржақты болмай тұр.
Бүгінде аймақтағы мыңнан астам үйге техникалық тексеріс жасалып, оның үштен бірі жарамсыз деп бағаланған.