Елімізде тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді

Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі .

Елімізде тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді
видеодан кадр
907

Қазақстанда тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).

«Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырысы Алматы қалалық ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді», - делінген хабарламада.

Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі (трансляция сілтемесі қосымша беріледі).
 

Серіктес жаңалықтары