Димаштың арқасында «Дайдидау» Азия әндерінің рейтингіне енді

Димаштың арқасында «Дайдидау» Азия әндерінің рейтингіне енді

Димаштың арқасында «Дайдидау» Азия әндерінің рейтингіне енді
ашық дереккөзі
Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген өткен аптада Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетіп, аспан асты еліне қазақтың әнін танытқан еді. Бұл күнде Димаш шырқаған «Дайдидау» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде 107 341 ұпаймен 15-орыннан көрінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Оның бұған дейінгі шырқаған «Adagio» мен «SOS d'un terrien en détresse» әндері аталмыш рейтингте 41 және 50-орындарды иеленді. Қазақтың «Дайдидау» әні қытай тілінде де шырқалғанын айта кеткен жөн. Шыңжаңдық әнші Гао Иін (高樱) 2012 жылы аталмыш ән қамтылған халық әндері альбомын шығарып, италияның «Premio Lunezia» сыйлығын жеңіп алған бірден-бір қытайлық әнші атанған болатын.