Қазақстан – ТМД елдері ішіндегі такси бағасы ең қымбат мемлекет

Таксимен жүру құны орташа есеппен бір шақырым үшін 0,67 доллар болды

Қазақстан – ТМД елдері ішіндегі такси бағасы ең қымбат мемлекет
freepik.com
1266

Қазақстан ТМД елдері ішіндегі такси бағасы ең қымбат мемлекет. Жыл басынан бері елімізде такси қызметін 13,9 миллион жолаушы пайдаланған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,9 пайызға аз, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz мәліметінше, такси қызметін жиі пайдалған өңірлер анықталды. 

«Алматыда 2,5 миллион адам, Астанада 1,5 миллион адам және Қарағанды ​​облысында 1,1 миллион адам тасымалданған. Ең аз ресми такси қызметтері Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарында тіркеліп отыр. Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда такси тасымалдаудан түскен табыс былтырғы 1,4 миллиард теңгемен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге жетті. Құндық мәндегі өсім 46,5 пайызға тең», - деп жазылған.

2024 жылы наурыздың аяғында такси тарифтері айына 0,6 пайызға, ал жылына 12,3 пайызға қымбаттаған. 

Numbeo дерегінше, таксимен жүру құны орташа есеппен бір шақырым үшін 0,67 доллар болды. Бұл үшін ең қымбат 95 елдің ішінде 73-орынды иеленді. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары баға рейтингіне енгізіліп тұр.


 

Серіктес жаңалықтары