699
Қазақстанда былтыр қанша бала дүниеге келді?
Ұлттық статистика бюросы мәліметпен бөлісті.
2023 жылы 388 мың сәби дүниеге келді. Бұл туралы turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.
Оның ішінде:
51,6% – ұлдар
48,4% – қыздар
Туу коэффициенті – 1000 адамға 19,52.
«Туудың жиынтық коэффициенті (СКР) – репродуктивті кезең ішінде (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны – 2,96. Ананың орташа жасы – 29,7 жас. Туылғандардың 23% – отбасында екінші бала. Егіздер саны – 4 075», - делінген хабарламада.