Жаңаөзенде жол апатынан екі адам көз жұмды

Жедел жәрдемге шақыру 21 сәуірде сағат 17:43-те түскен.

Жаңаөзенде жол апатынан екі адам көз жұмды
ulysmedia.kz

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Ruhy мәліметінше, жол апаты Жаңаөзендегі тасжолда болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік жолдан шығып, аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам алған жарақаттарынан қаза болды. Зардап шеккен бір адам Жаңаөзен ауруханасына жеткізілді.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдемге шақыру кеше, 21 сәуірде сағат 17:43-те түскен.

«Шақыруға екі жедел жәрдем бригадасы, атап айтқанда «Медикер» жедел жәрдемі келді. Олар бір жәбірленушіні Жаңаөзен ауруханасына жатқызды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы екі адам көз жұмды. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.