Астанада ер адам өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Оқиға болған жерде түсірілген видео Astanovka98 Telegram-дағы арнасында пайда болды.

Астанада ер адам өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Кадрлардан көшеде болған қызыл жалынды байқауға болады, сондай-ақ оқиға орнында адамдар мен полиция қызметкерлері жүр.

Полицейлердің бірі өртті сөндіріп жатқаны да көрсетілген. Видео сипаттамасында оқиғаның Сығанақ көшесінде болғаны жазылған.

Астана полиция департаменті мәліметінше, оқиға орнына полицияның арнайы жасағы жетіп, өртті сөндірген.

«Азамат медициналық мекемеге жатқызылды», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.