«Отандастар қорына» жаңа президент тағайындалды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

«Отандастар қорына» жаңа президент тағайындалды
СІМ

ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Данияр Рамазанұлы Қадыров «Отандастар Қоры» КЕАҚ президенті лауазымына тағайындалды. 

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Өз еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы ретінде бастады, содан кейін 2004 жылға дейін осы ведомствоның құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2000-2004 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары.

2005 жылы жергілікті атқарушы органдар қызметіне – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары лауазымына ауысты.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

Кейінірек, 2007 жылы Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл лауазымына дипломатиялық қызметке ауысты, содан кейін 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл лауазымында жұмыс істеді.

2015-2019 жылдары аралығында «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры болды.

2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы наурызға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.

2024 жылы 18 наурызда мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды.