Әнші Еркін Нұржановтың сахнадан неге көрінбей кеткені белгілі болды (ВИДЕО)

Өнер адамы Алматы қаласынан Шымкентке көшіп кеткен.

Әнші Еркін Нұржановтың сахнадан неге көрінбей кеткені белгілі болды (ВИДЕО)

«Жібек жолы» телеарнасының «Жақсы адамдарым» бағдарламасына қонақ болып келген танымал әнші Еркін Нұржанов неліктен өнерден қол үзіп қалғанын түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Кейінгі жылдары оның өмірінде түрлі өзгерістер болған. Сонымен қатар оны жақындарының денсаулығы да алаңдатқан.

«Мен сахнаға әдейі көп шықпай, әдейі ән жазбай кеткенім жоқ. Қадыр Мырза Әлі ағамыз «Өнер де тірі ағза. Оның да шарықтау шыңы, тоқырау кезі, демалыс уақыты болады» деп айтқан еді. Сондай сәттер менде де болды. Жасыратыны жоқ, жеке өмірімде де көптеген өзгеріс болып жатты. Әкемнің денсаулығына байланысты Алматы қаласынан Шымкентке қоныс аудардым. Жеке өмірімдегі өзгерістеріме байланысты үзіліс жасағаным рас», - деді әнші.