Атырауда бөгет салуға иттер де көмектесіп жатыр (ВИДЕО)

Құм толтырылған қапты арқалап бара жатқан ит әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Атырауда бөгет салуға иттер де көмектесіп жатыр (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Атырау облысының тұрғындары тасқынның алдын алу үшін құм толтырылған қаптардан бөгет тұрғызып жатыр. Тіпті олардың қатарында адамзаттың сенімді серігіне айналған иттер де жүр. Адамдармен қатарлас арқасына салынған қаптарды арқалап бара жатқан жергілікті иттердің бірі әлеуметтік желінің жұлдызына айналды, деп хабарлады turkystan.kz.

Арқасындағы қапты бөгет тұрғызып жатқан адамдарға қарай апара жатқан иттің әрекетіне көпшілік тәнті болуда. Желі қолданушыларының жарыса жазған пікірін ескерсек, видео Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай селосында түсірілген. Кейбір желі қолданушылары иттің аты - Пшон екенін атап өткен.