Апельсин шырыны кімдерге зиян?

Қышқыл сусын асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, қабыну мен ауырсынуды тудыруы мүмкін.

Апельсин шырыны кімдерге зиян?
сурет: vsesoki.ru

Сарапшылар апельсин шырыны денсаулыққа, соның ішінде иммундық жүйеге, жүрекке пайдалы және коллаген бөлінуіне ықпал ететін С дәруменіне бай екендігіне дау айтпайды. Дегенмен, апельсин шырыны кей адамдарға, керісінше зиян тигізуі мүмкін.

Апельсин шырынының негізгі қаупі - оның қышқылдығында. Бұл - асқазан-ішек жолдарының ауруларынан зардап шегетін адамдардың басты жауы. Қышқыл сусын асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, қабыну мен ауырсынуды тудыруы мүмкін.

Жаңа сығылған апельсин шырыны асқазан жарасы немесе ішек аурулары бар, гепатит, колит және панкреатитпен ауыратын адамдарға зиян болуы мүмкін..

Сондай-ақ, апельсин - күшті аллерген, сондықтан оны аллергиямен ауыратындарға, балаларға, жүкті әйелдерге және емізу кезінде әйелдерге сақтықпен қолданған жөн.

Сонымен қатар, жаңа сығылған апельсин сусыны тіс эмальіне теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан оны түтікшемен ішкен жөн.