Науқас балалардың еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікті ұсталды

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Науқас балалардың еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікті ұсталды
polisia.kz
981

Ақтөбе облысының полициясы балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны «More life» қорының өкілдеріне қатысты арызданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген.

«Қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші өтіп жатыр, азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты. Бір жағдайда, 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажетті соманы жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Қор әртүрлі сылтаулармен ақша аударымын жібермеген. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған», - делінген хабарламада.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аясында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін халықаралық тапсырмалар жолданды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

 

Серіктес жаңалықтары