«Маған банктер несие бермейді»: Әнші Серік Ибрагимов ірі көлемде қарыз алатынын айтты

Серік Ибрагимов өнердегі әріптесі Бағлан Әбдірайымовтың қолға алған ісін қайталауға ниеттеніп отыр.

«Маған банктер несие бермейді»: Әнші Серік Ибрагимов ірі көлемде қарыз алатынын айтты
Сурет: instagram.com/ibragimovserik
1182

Әзірге әнші нақты қандай туынды түсіргелі жатқанын жасырын ұстап отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жайлы Бағлан Әбдірайымовтың Серік Ибрагимовпен жасаған сұхбатында айтылды. Әңгіме әуелде қарыз тақырыбы туралы басталған. Алайда олар шығармашылық жайлы да сөз қозғап өтті. Әңгіме барысында Серік Ибрагимов кино түсіргісі келетін ойы барын байқатып қалды.

- Менен қарыз сұраған өзге адамдарға әрі кетсе 500 мың теңге мен 1 млн теңге көлемінде ғана ақша берген шығармын. Олардың арасында алған ақшаларын қайтармайтындар да болады. Сондықтан оларға қайтармайды-ау деген ниетпен беремін. Ал өзім қажет кезде 1-2 млн теңге көлемінде қарыз сұрап қалатын сәттер болады. Бұйырса, жақында ірі көлемде қарыз аламын. Өйткені Бағлан ағамыз секілді менің де бір жоба бастағым келіп отыр. Бұл жайлы уақыты келгенде айта жатармын. Ал жалпы несие алып көрмегенмін. Біреудің атынан алған кезім болған. Негізі маған банктер несие бермейді екен, - деді әнші.

Бірақ әнші несие алуға берген өтініші неліктен мақұлданбайтыны жайлы ашып айтпады.

>

Серіктес жаңалықтары