Тағы бір Салтанат: Бұрынғы әйелін ұрған экс-полицей қамауға алынды

Александр әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды

Тағы бір Салтанат: Бұрынғы әйелін ұрған экс-полицей қамауға алынды
883

Жуырда интернетте экс-полицей Александр Кимнің Салтанат есімді бұрынғы әйелінің телефонын сындырып, оны қатты соққыға жыққан сәті таспаланған видео кеңінен таралған болатын. Белгілі болғандай, Алматы қаласының полиция басқармасы бүгін ол 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам қамауға алынды. Ұрып-соққаны және басқа біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін ол әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды. Құқық бұзушы қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Александр бұрынғы әйелі Салтанатты соққыға жығуына не себеп болғанын айтып, соңында кешірім сұраған болатын.

Салтанат 11 жылдық некеден кейін ажырасуға бел буып, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда бұрынғы күйеуі оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысқан.

Серіктес жаңалықтары