Екібастұзда вагондар арасына қысылып қалған жігіт көз жұмды

Желі қолданушылары жігіттің компанияда тағылымдамадан өткенін жазады.

Екібастұзда вагондар арасына қысылып қалған жігіт көз жұмды
gmk.center

Екібастұзда жігіт екі вагонның арасында қысылып қалған. Жігітті аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлады turkystan.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайғылы сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жігіт вагондар арасында жүрген, бір сәтте автоматты қосқыштар қозғалып, жігіт қысылып қалған. Құлаған жігіт аяққа тұруға тырысқанымен, қайтадан құлаған.

Желі қолданушылары жігіттің компанияда тағылымдамадан өткенін жазады.

«Екібастұз қалалық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.