Түркіменабадта Ислам Кәрімовке ескерткіш ашылды

Түркіменабадта Ислам Кәрімовке ескерткіш ашылды

Түркіменабадта Ислам Кәрімовке ескерткіш ашылды
ашық дереккөзі
Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткіші Түркіменабад қаласында ашылды. 7 наурызды ескерткіштің ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов қатысты.
Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Кәрімов есімі Лебап уәлаятының әкімшілік орталығындағы бір көшеге берілді. Жиналған жұрт алдында сөз сөйлеген Түркіменстан президенті екі елдің қарым-қатынасының дамуына Ислам Кәрімовтің қосқан үлесін атап өтті. "Өзбекстан Республикасының алғашқы президентіне ескерткіш қою - сол істің әрі қарай жалғасқанын білдіреді", - деді Бердымұхамедов. Өзбекстан және Түркіменстан басшылары ескерткішке гүл қойды.