Астрахан қазақтары Атырау мен Құлсары тұрғындарына 8 газель гуманитарлық көмек жіберді

Ресей, соның ішінде Астрахан қазақтары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 8 газель гуманитарлық көмек жіберді

Астрахан қазақтары Атырау мен Құлсары тұрғындарына 8 газель гуманитарлық көмек жіберді
ашық дереккөз

Астрахан қазақтары Атырау және Құлсары қалаларына 8 газельге тиелген гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz "Отандастар қорының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүккөліктерге су тасқынын алдын алу шаралары үшін қажетті қапшықтар мен күректер, қайықтар және апаттан жапа шеккен адамдарға азық-түлік және басқа да керек-жарақтар тиелген", – делінген хабарламада.