Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков жаңа қызметке тағайындалды

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков жаңа қызметке тағайындалды
www.gov.kz

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, Ислам Байрамуков Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры лауазымына тағайындалды.

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.