Су тасқыны: Дариға Бадықова қорға аударған қаржысын сынға алғандарға жауап берді

Ол өнер адамдарының жиналып, салған ақшасын желіге салғандарға ренішін білдірді.

Су тасқыны: Дариға Бадықова қорға аударған қаржысын сынға алғандарға жауап берді
Дариға Бадықова. Фото: Youtube/Dina Tolepbergen
1410

Танымал актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында халыққа жеке өзі де көмек жібергенін айтты. 

«Айтпасқа болмады. Жалпы көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызасыздар. Бердім! Апат болсын, басқада жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан сақтасын! «Мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті» деп отырғандар өздеріңіз көмек бердіңіздер ме? «Бізде жоқ қой» деп шығасыздар. Садақаның құны жоқ. Қанша болса да, қолыңнан келгенді бересің. Солай айтқандар өз туғанына көмек беріп отыр ма екен? Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз, шошып кетесіз.

Қарапайым халық деп бөліне қаламыз. Біздің айырмашылығымыз - мамандығымызда ғана. Сіз де өз мамандығыңыздан нәпақа тауып, күнде жұмысқа барып жүрсіз. Біздікі де сол. Қарызға үлкен қаражат алып, оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салығымызды төлейміз. Салық - ол халықтың ақшасы, сол ақшаны бердік. Өнер - Құдайдан келген сый. Өнер адамдарының жиналып, салған ақшасын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып, әлексіздер. Жинамаса, «Жинамады» деп қарғайсыздар. Жинаса, жиғандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер! Ұят болады. Ниетімізді түзейік. Бәрін үкіметтен көріп отыра бермейік. Елдің көтерілуіне ат салысайық. Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса, әлі көрер қызығымыз алда. Көтеретін де - халық! Қарғайтын да - халық! Жер қылатын да – халық», - деп жазды Бадықова.

Серіктес жаңалықтары