Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның денесі табылды

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды

Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның денесі табылды
Ашық дереккөз
895

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, мүрденің тасқын судың астында жатқаны анықталған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін, 14 сәуір күні сағат 13:40-та 2 000 жылғы ер адамның мүрдесі тұрғын үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды. Мүрде тасқын судың астында 1,5 метр тереңдіктен табылды, - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Бұған дейін су басқан Құлсарыдан бір адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары