694
Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратудың 29 фактісі анықталды
Сондықтан тек ресми органдардың мәліметіне сүйенуге шақырды
Хабарламалардың көбі бөгеттердің бұзылуы, республикалық маңызы бар жолдарды су басуы, стратегиялық нысандардағы апат, ауыз судың ластануы, ақша жинау және өтемақы төлеу жайлы. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Теріс ниеттілердің мақсаты: қазақстандықтардың жеке деректері мен қаржылық ресурстарын ұрлау, - деді министр.
Сондықтан тек ресми органдардың мәліметіне сүйенуге шақырды.