745
Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытты — Президент
Мемлекет басшысының айтуынша, зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысының тапсырмсы бойынша, қазіргі кезде Премьер-министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр.
Президент жуырда отандастарына арналған үндеуінде бір де бір адам назардан тыс қалмайтынын мәлім етті.
«Апатқа қарсы күрес жалғасуда. Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетілуде. Олардың бүкіл шығындары өтеледі.
Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын!» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.