«Қазақтелеком» су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге аударды

Қаражат«Самұрық-Қазына» тобы компанияларының қаражатын осы мақсаттарға жинақтайтын Samruk-Kazyna Trust-қа жіберілді.

«Қазақтелеком» су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд теңге аударды
«Қазақтелеком» АҚ
693

Еліміздің ірі телеком-операторы «Қазақтелеком» су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 миллиард теңге аударды. Одан бөлек, компания табиғат апаты болған аймақтарда үздіксіз байланысты қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Ал қызметкерлері құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр.

Қаражат«Самұрық-Қазына» тобы компанияларының қаражатын осы мақсаттарға жинақтайтын Samruk-Kazyna Trust-қа жіберілді.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев компания қызметкерлерінің су басқан аймақ тұрғындарын эвакуациялауға қатысып, техниканың көмегімен су бөгеттерін нығайтуға көмектескенін айтты.

«Біз еліміздің түрлі өңірінде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен-ақ отандастарымызға барынша көмек көрсеттік. Әлбетте, компания қызметкерлері өздерінің тікелей кәсіби міндеттерін орындауда, яғни су тасқыны қауіп төндірген өңірлерді үздіксіз байланыспен қамтамасыз етеді. Біз су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға материалдық көмек көрсету мәселесінде де шетте қалмаймыз. Қазіргі уақытта компания өз қаражатынан 1 миллиард теңге бөліп, қаржыны еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аудандарға шұғыл қолдау көрсету үшін ақшаның басын біріктіріп жатқан Samruk-Kazyna Trust қорына аударды», – деді Қуанышбек Есекеев.

Зардап шеккендерге "Қазақтелекомнан” басқа Қордың корпоративтік орталығы, "Қазмұнайгаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақстан Темір Жолы", "Қазақгаз", Kegoc, "Эйр Астана" авиатасымалдаушысы және "Самұрық-Энерго" компаниялары қаржылай көмек аударған. 

Серіктес жаңалықтары