Иван Бреусов марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады
Әнші марқұм арудың өліміне қатысты пікір білдіріп, оның жақындарына көңіл айтқан.
Танымал «101» тобының әншісі, музыкант Иван Бреусов күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға ән арнады.
«Салтанатқа ұзақ уақыт бойы қоғамның дертіне айналған әділетсіздіктің символы болу бұйырып тұрған шығар. Салтанаттың барша жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жаратушы сіздерге күш берсін. Кінәлі адам жазаланып, әділеттік орнасын. Бірақ оның өзі Салтанатты қайтарып бермейді. Бұл жағдай маған да ауыр тиді. Барлық Қазақстан сіздерді қолдап отыр», – деді музыкант.
Менің басқа алып-қосарым жоқ. Мен тек сіздерге бұрында жазып қойған әнімді ұсынғым келді. «101» тобы орындаған еді. Бұл туынды Салтанаттың жағдайына сай келіп тұр. Жалпы ер азаматтары тарапынан әділетсіздікке ұшыраған әйелдерге арналған десем де болады. Әйелдер құқығы қорғалу керек!», - деп жазды Бреусов.