2268
Таразда көші-қон қызметінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар заңсыз келген шетелдіктерге қамқорлығы үшін 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.
«10 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазылған ҰҚК таратқан хабарламада.