Рим Папасы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырды

Ол Қазақстан халқына рухани жақын екенін де білдірген.

Рим Папасы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырды
Сурет: yaplakal.com
1458

 

Рим Папасы Франциск өзінің жалпы ауденциясы кезінде Орталық Азия елдерінің көптеген аймағына әсер еткен және мыңдаған адамды эвакуациялануға мәжбүр еткен Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Malim.kz сайтының жаузынша, Рим Папасы Украина мен Мьянмадағы қақтығыстардан да зардап шеккендер үшін тілек тілеуді сұраған. 

- Мен дәл осы уақытта Қазақстан халқына рухани жақын екенімді білдіргім келеді, - деп атап өтті Рим Папасы Франциск ағылшын діндарларын ресми қабылдау кезінде.

Сондай-ақ ол 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға барғанын атап өтті. Қазір Қазақстанның көп аймақтарын су басқанын да еске салды.

- Мен баршаны осы табиғи апаттың салдарынан зардап шеккендердің барлығына дұға етуге шақырамын, - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары