Астанада 115 адамға заңсыз автонесие рәсімдеген алаяқтар ұсталды

Олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген.

Астанада 115 адамға заңсыз автонесие рәсімдеген алаяқтар ұсталды
egemen.kz

Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ, кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.