30 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда қаза тапты

жазатайым оқиға 8 сәуірде түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны зауытының тазарту қондырғысында болды.

30 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда қаза тапты
atorus.ru
970

Қазақстандық жұмысшы Оңтүстік Кореяда ағынды суды тазарту кезінде қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, оны тоқ соққан, деп хабарлады Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Yonhap News сайтының жазуынша, жазатайым оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны зауытының тазарту қондырғысында болды. Қазір жергілікті полиция мен Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі тергеу жүргізуде. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 жастағы отандасымызды тоқ соққан, кейін ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың Оңтүстік Кореядағы зауытта қайтыс болғанын растады.

«Өндірісте қаза тапты, қазір туыстарымен байланысып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары