Алматыда әйел адамды ұрып-соққан ер адам ұсталды

Бұл туралы Алматы полиция департаменті ақпарат таратты.

Алматыда әйел адамды ұрып-соққан ер адам ұсталды
коллаж: turkystan.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицейлер бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада. 

<

>