Желіде блогерлерден қашып жүрген алматылық прокурордың видеосы тарады

Құқық қорғау органы тұрғындардан видеоға қатысты шешім қабылдауға асықпай, тексеру нәтижесін күтуді сұрады.

Желіде блогерлерден қашып жүрген алматылық прокурордың видеосы тарады
Коллаж: turkystan.kz
672

Бейнежазба Қонаев қаласында түсірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

Бастапқыда блогерлерге прокуратураның екі қызметкерінің темекі шегіп, күлді жерге сілкіп тұрғаны ұнамаған. Артынша қызметкерлердің бірі ғимаратқа кіріп, екіншісі алды-артына қарамай қашқан.

Блогерлер прокурорды күліп жүріп камераға түсірген. 

"Бір қызметкердің әрекеті бүкіл органның немесе ұйымның беделіне айтарлықтай нұқсан келтіруі мүмкін", – делінген видеоның сипаттамасында.

Видеоға қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.

"Қоғамдық орында темекі бұйымдарын пайдаланғаны үшін 27 600 теңге айыппұл салынуы керек. Неліктен қарапайым халық жасамаған тірлігі үшін айыппұл төлеуі керек?", "Жігіттер басқа істейтін тірліктерің жоқ па? Неге артынан сонша қудыңдар? Неге мазақ етіп отырсыңдар? Жігіт жай ғана темекі тартты, ешкімді өлтірмеді. Өзін масқара етпес үшін тығылып қалғысы келген сияқты. Ал сіздерде істейтін басқа тірлік жоқ па?", "Видео авторы мен кадрлардың рас-өтірігін тексеру керек. Мүмкін блогер жақсылап тұрып өңдеген шығар", – деп жазды желі қолданушылары. 

Желіде тараған видеоға қатысты Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеме жасады.

"Қазір видеоға қатысы бар адамдардың барлығы анықталып, этикалық және басқа да құқық бұзушылықтар бар-жоғы тексеріліп, сарапталып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар мен басқа да тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады облыстық прокуратура.

 

Серіктес жаңалықтары