Су тасқыны: БҚО-да 3 мыңға жуық ерікті көмек көрсетіп жатыр

Олар басқа облыстардан келіп жатқан гуманитарлық көмекті бір қоймаға жинап, мұқтаж аудандарға барып, таратып жатыр.

Су тасқыны: БҚО-да 3 мыңға жуық ерікті көмек көрсетіп жатыр
Freepik
774

Батыс Қазақстан өңіріндегі табиғи апатқа байланысты облысқа 3 мыңға жуық ерікті жұмылдырылды. Еріктілер су тасқынынан зардап шеккен қала және аудан тұрғындарына тиісті көмек көрсетіп жатыр. Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысы өңірлік фронт офисінің басшысы Нұрсұлтан Сәрсенбаев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс бойынша еріктілер тосқауылдар әзірлеу жұмыстарын жасап жатыр. Олар басқа облыстардан келіп жатқан гуманитарлық көмекті бір қоймаға жинап, мұқтаж аудандарға барып, таратып жатыр.

«Жайық өзенінің өзі 7 метр биіктікке көтерілген. Бұл қаланың өзін су басуы мүмкін деген тұжырымдаманы жасап отыр. Сондықтан қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық ерікті жұмыс атқаруда. Аудан орталықтарында су басу қаупі байқалған. Осы аудандарға да еріктілер жұмылдырылған. Еріктілерді басқару жастар ресурсы орталықтарына табысталып отыр. Біз БҚО бойынша жастардың басын қосып, «БҚО жастары» атты топ құрдық», – деді спикер. 

Бұл топтың ақпараттық бөлімі ресми мәліметтерді таратумен айналысады. Еріктілер танымал блогерлермен бірлесіп, елге көмек көрсету мақсатында ақпаратпен бөлісіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары