Илон Маск SpaceX қызметкерлеріне Марсты отарлау туралы дәріс оқыды

Маск мүмкіндігінше тез және өнімді жұмыс істеу керек деп санайды. Оның пікірінше, алдағы жылдары Марсқа жеткілікті жүк пен адам жіберуге мүмкіндік бар.

Илон Маск SpaceX қызметкерлеріне Марсты отарлау туралы дәріс оқыды
сурет: habr.com

Илон Маск SpaceX қызметкерлеріне Марсты отарлау және адамзатты физика заңдарын бұзбай көппланеталық жаратылысқа айналдыру мүмкіндігі туралы дәріс оқыды. Осы мақсаттарға жету үшін SpaceX үнемі аспанда сынақ жүргізбек және Starship пен Falcon 9-ны жаңартуға мүдделі. Бұл туралы habr.com жазды.

Маск Ферми парадоксы туралы еске салды. Оған сүйенсек, біздікіне ұқсас интеллектуалды өмір формалары белгілі бір даму деңгейіне және қайшылықтарға жетіп, өзін-өзі жойып, ресурстарды асыра пайдалану процесінде, жаһандық соғыстарда немесе табиғи апаттардың салдарынан өздерін жойып жіберген болуы мүмкін. Адамзат осыдан сабақ алып, сақтануы керек. Кем дегенде, басқа планетаға көшуі керек.

Маск мүмкіндігінше тез және өнімді жұмыс істеу керек деп санайды. Оның пікірінше, алдағы жылдары Марсқа жеткілікті жүк пен адам жіберуге мүмкіндік бар.