Ақтөбе өңірінде 1 061 тұрғын үйді су басты

10 138 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 077 бала бар.

Ақтөбе өңірінде 1 061 тұрғын үйді су басты
БҚО төтенше жағдайлар департаменті

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе қаласында және облыстың 6 ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды.

21 наурыздан бастап облыс бойынша еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде барлығы 1млн 300 мыңнан астам текше метр су сорылды, 157 мыңнан астам қапшық төселді және 300 мыңға жуық тонна инертті материалдар тасымалданды. Бұл жайлы Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ жою басқармасы бас маманы Нұрбек Оралбаев ОКҚ брифингінде мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өңірде барлығы 1 061 тұрғын үйді су басты. 10 138 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 077 бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде – 1 636 адам, оның ішінде 689 бала бар. 2 536 адам үйге оралды.

«Тартылған күштер мен құралдардың саны -1 364 адам, 247 бірлік техника, 10 жүзу, 22 су сору құралдары қолданылып отыр. Ақтөбе облысында жедел штаб жұмыс істеп тұр.  Психологиялық көмектің жедел желісі ашылды, 230 қоңырау түсті, оның ішінде ақпараттық сипаттағы 206, психологиялық көмек бойынша 24 қоңырау түсті. Ойыл кентінің тұрғындары мен техникасын өткізу үшін понтондық өткелін ұйымдастыруға Ақтөбе облысына Алматы облысынан инженерлік әскерлер келді. 6-сәуірден бастап понтондық өткел арқылы 427 адам және 400 келі азық-түлік жөнелтілді», - деді спикер.

8 сәуірде Ақтөбе қаласы Қарғалы су қоймасында еріген су ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты «Ақжар», «Жилянка», «Солнечный», «Садовое», «Эко» бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. Халықты хабардар ету және оны эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 76 адам эвакуацияланды, Олар уақытша орналастыру пунктінде орналастырылған. 7 жол үстін су басты, 8 жолдың үстін су шайды. Республикалық маңызы бар жолдар қалпына келтірілді.